Батыс Қазақстанда екінші деңгейдегі банктер берген несие көлемі 89,9 млрд. теңгеге жетті

None
None
ОРАЛ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында екінші деңгейдегі банктер берген биылғы несие көлемі 89,9 млрд. теңгеге жетті.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, мұның 23,5 пайызы - сауда, 6,8 пайызы - құрылыс, 6,4 пайызы - өнеркәсіп, 3,7 пайызы - ауыл шаруашылығы, 1,6 пайызы - көлік, 0,1 пайызы - байланыс, 57,9 пайызы басқа салалардың үлесіне тиеді.

Тұрғындардың банктердегі депозиті 25 млрд. теңгені құраса, мұның 52,5 пайызы теңгемен, 47,5 пайызы шетелдік валютамен салынған.

Соңғы жаңалықтар