Батыс Қазақстанда екі қабатты үйдің шатыры опырылып түсті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Теректі ауданы орталығы Федоров ауылында екі қабатты үйдің шатырының бір бөлігі опырылып құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Федоров ауылдық округінің әкімі Болатбек Тілегеновтің айтуынша, бір бөлме түгелдей қираған. Абырой болғанда, онда ешкім болмаған. Қазіргі кезде тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Көршілерінің сөзіне қарағанда, бөлменің иесі ауруханада жатқан көрінеді. Үйде тұрмағанына бір жылдай уақыт болған, төбеден су кетіп, ақыры опырылып түскен.

 «Бұл үйді жаңғырту бағдарламасы бойынша толық жөндеуден өткізу көзделген болатын. Ол үшін тұрғындардың 80 пайызының келісімі керек. Ертең бұл мәселе аудан басшысының қатысуымен әкімдікте талқыланып, бір шешімге келетін боламыз», - деді Б.Тілегенов. 

null 

фото:uralskweek.kz

Соңғы жаңалықтар