Батыс Қазақстанда екі бірдей жыр мүшәйрасы жарияланды

None
None
ОРАЛ. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында екі бірдей жыр мүшәйрасы жарияланып отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңақала аудандық «Жаңарған өңір» газеті өзінің 75 жылдық мерейтойына орай өлең бәйгесін өткізбекші. Мұндағы басты талап - ұлттар достығын жырға қосу. Алдағы айдың аяғында қорытындыланатын мүшәйрада бірінші орынға - 50 мың, екінші және үшінші жүлдеге 30 мың және 20 мың теңгеден белгіленді.

Биылдан бастап Оралда жарық көре бастаған тәуелсіз «Айна» газеті өмірден ерте кеткен тайпақтық талант Сағат Әбдуғалиев атындағы жазба ақындар мүшәйрасын жариялады. Оған кәсіпкер, «МирланГаз» ЖШС директоры Мұхтар Сапарғалиев демеушілік жасайды. Қатысушылардың жасына, өлеңдердің тақырыбына, көлеміне шек қойылмайды. Мүшәйраға өлеңдер қыркүйек айының аяғына дейін қабылданады. Орал қаласында өтетін қорытынды кеште оза шапқан жалғыз жүйрікке 50 мың теңге табыс етіледі.

Соңғы жаңалықтар