Батыс Қазақстанда екі ауданға жаңа әкім тағайындалды

None
None
    ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының екі ауданына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті Әкімшілігінің және Теректі аудандық мәслихатының келісімімен ротация бойынша Әділ Тауфиқұлы Жоламанов Теректі ауданының әкімі болып тағайындалды.

Аудан активіне жаңа басшыны облыс әкімі Алтай Көлгінов таныстырды.

Ә.Т.Жоламанов 1968 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, «Еуразия» Батыс Қазақстан менеджменті және тілдер институтын экономист-бухгалтер, Еуразия академиясын құқықтану бакалавры мамандықтары бойынша бітірген.

Әділ Жоламанов Сырым, Теректі ауданында лауазымды қызметтер атқарды. БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болды.

2015 жылдың маусымынан Ақжайық ауданына әкім болды.

Бұған дейін Теректі ауданын басқарған Кәрім Жақыпов денсаулығына байланысты өз еркімен қызметінен кетті. Оған атқарған жұмысы үшін алғыс айтылды.

Сондай-ақ бүгін Қалияр Шадиярұлы Айтмұхамбетов Ақжайық ауданына әкім болып тағайындалды.

Қ.Ш.Айтмұхамбетов 1969 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын агроном, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Қалияр Айтмұхамбетов Шыңғырлау ауданында лауазымды қызметтер атқарды.

2017 жылдың тамызынан БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болды.

Соңғы жаңалықтар