Батыс Қазақстанда екі адам суға батып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында екі адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бірінші оқиға 17 мамыр күні кешкісін Тасқала ауданы Тасқала ауылында болды.

Сағат 19.40-та 1973 жылғы ер адам мас күйінде балық аулау кезінде Деркөл өзеніне батып кеткен.

Марқұмның денесі ТЖ департаменті күшімен (2 қызметкер, 1 техника) сағат 21.56-да судан шығарылды.

Сондай-ақ тағы бір осындай оқиға Орал қаласында болды.

Сағат 21.17-де қалалық мәдениет және демалыс саябағы аумағында Шаған өзенінде катамаранмен жүзіп жүрген демалушыдан жағажайда өлі адамның денесі көрінгені жөнінде хабар түскен.

Жедел құтқару жасағының сүңгуірлері аталған жерден 50 жас шамасындағы мас күйіндегі ер адамның денесін алып шықты. Бұл жұмыс 21.30-да аяқталды.

Соңғы күндері өңірде күн қатты ысып кетті. Осыған орай ТЖ департаменті тұрғындардан суға түсу ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда ірі қоймада өрт шыққанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар