Батыс Қазақстанда екі адам суға батып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батыс Қазақстан облысында суға батып кеткен екі тұрғынның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазталов аудандық ТЖ бөлімінің басшысы Абай Нәсіповтің айтуынша, Ақпәтер ауылының 1983 жылғы тұрғыны Дамир Сатыбалдиев 18 сәуір күні жоғалып кеткен болатын. Марқұмның денесі 6 мамыр күні Ақпәтер маңындағы Қараөзеннен табылды.

Сол 6 мамыр күні тағы бір қайғылы оқиға тіркелді. Ақпәтер ауылының 1953 жылғы тұрғыны Жұмағали Тоқбаев Қараөзенге балық аулауға барып, белгісіз себептермен батып кеткен. Денесі сол күні табылған.

Еске сала кетейік, Қазталов ауданында жоғалып кеткен Д.Сатыбалдиевтің іздестіріліп жатқанын бұған дейін жазған болатынбыз. Одан бұрын осы ауданда өткен жылы қарашада жоғалған тұрғынның денесі де биыл көктемде судан шыққан еді.

 

 

Соңғы жаңалықтар