USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда егілуге тиісті тұрғындардың 63 пайызы вакцина қабылдады

2021 жылғы 12 қазан 17:00
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда егілуге тиісті тұрғындардың 63 пайызы вакцина қабылдады

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 226 811 адам вакцинаның бірінші компонентімен егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Соңғы тәулікте 12 адам коронавирустан көз жұмды 3 657 науқас коронавирустан жазылды Тағы 14 мыңнан астам қазақстандық коронавирус жұқтырды

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, бұл – егілуге жататын тұрғындардың 63 пайызы.

Соның 204 781-і (56,9 пайызы) екінші компонентті қабылдады.

Басқарма мәліметіне қарағанда, өткен тәулікте 721 адам бірінші компонентпен егілді. Соның ішінде созылмалы сырқаты бар 80 адам, 14 студент, 6 педагог, 3 медицина қызметкері, 2 құқық қорғау органының өкілі бар.

Өңірде тұрғындарды вакцинациялау жұмысы одан әрі жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да соңғы төрт күнде 230 адамнан коронавирус анықталғанын, сондай-ақ індет жұқтырған 100-ге жуық баланың емделіп жатқанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT