Батыс Қазақстанда егілуге тиісті тұрғындардың 60 пайыздан астамы вакцина алды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 216 944 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентімен егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, бұл - облыс бойынша егілуге тиісті тұрғындардың 60,3 пайызы.

Оның сөзіне қарағанда, кеше 626 адам бірінші компонентті қабылдады. Соның ішінде 11-і - студент, үшеуі - медицина қызметкері, төртеуі - педагог, төртеуі - құқық қорғау органының өкілі, бесеуі - мемқызметші, 44-і - созылмалы сырқаты бар адамдар.

«Облыста вакцинация мәселелері бойынша 24-00-06 call-орталық телефоны жұмыс істейді. Сондай-ақ егу кабинеттері, ПТР-зертханалардың мекенжайларын, рентген кабинеттерінің жұмыс кестесін, ковид жұқтырып, амбулаториялық ем алып жүрген науқастарға арналған тегін дәрілік заттар тізбесін, басқа да пайдалы ақпаратты stopcovid.kz сайтынан білуге болады», деді А.Сақпосынова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 215 мыңнан астам адамның коронавирусқа қарсы екпе салдырғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар