Батыс Қазақстанда Е.Ешекеновті еске алуға арналған дәстүрлі турнир мәреге жетті

None
None
ОРАЛ. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Шыңғырлау ауданында өмірден ерте кеткен боксшы, КСРО спорт шебері Еділ Ешекеновті еске алуға арналған халықаралық турнир өткізілді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осымен он жетінші рет ұйымдастырылып отырған жарысқа бұл жолы БҚО аудандары, Ақтөбе, Атырау қалаларынан, Ресей мен Өзбекстаннан 160-тан астам балғын боксшы қатысты. Ресейліктер намысын әдеттегідей Орынбор облысы ауданының спортшылары қорғаса, Қарақалпақстаннан келген меймандар да жүлдесіз кеткен жоқ. Дегенмен шаршы алаң иелері - шыңғырлаулықтар озық өнер көрсетіп, алты алтын, төрт күміс медальды ұтып алды. Шыңғырлаулықтарды көптен бері Александр Пятин жаттықтырып келеді.

Шыңғырлау боксының түлегі Еділ Ешекенов ( 1969-1993) кезінде Ленинград қаласының екі дүркін чемпионы атанып, КСРО құрамасына қабылданған, 1992 жылғы Барселона олимпиадасына баруға үміткерлердің бірі болған.

Соңғы жаңалықтар