Батыс Қазақстанда дін тақырыбында ақпараттық-түсіндіру тобы облыс тұрғындарымен жүздесуде

None
None
ОРАЛ. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 13 наурыз бен 18 сәуір аралығында «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» туралы ҚР Заңының негізгі бағыттарын және облыстағы діни ахуалды түсіндіру мақсатында құрылған ақпараттық топ Орал қаласы мен аудандар тұрғындарымен кездесулер өткізіп келеді.

Облыстық дін істері жөніндегі департаментінің жетекші маманы Ранида Әшенованың айтуынша, топ құрамында департамент бастығы Талғат Нығметов, бас маман Ғилымбек Мәжиев, БҚО ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы Жамал Ихсанова, ҚМДБ БҚО бойынша өкіл имамы Бауыржан Әлиұлы, Орал қаласының имамы Руслан Сұлтанов бар.

Елімізде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясаты нәтижесінде дінаралық және ұлтаралық келісім сақталып отырғанына қарамастан, бірқатар теріс бағыттағы ағымдардың, лаңкестік әрекеттердің бой көрсеткені жасырын емес. Дәстүрлі емес дін ағымдар адамды алдап-сулап, отбасынан, қоғамнан, өз халқынан оқшаулап алып кетуге тырысады. Осындай әрекеттерге жол бермеу мақсатында тұрғындар, әсіресе, жастар арасында түсінік жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте аталмыш топ Орал қаласында, сондай-ақ Қаратөбе ауданының Қоскөл, Егіндікөл, Сырымның Жымпиты, Бұлдырты, Жаңақаланың Жаңақала, Мәстексай, Ақжайықтың Қабыршақты, Чапаев ауылдарында кездесулер өткізді. Жүздесулер барысында діни бірлестіктерді қайта тіркеу,  қала, ауыл-аймақтағы діни жағдай туралы талдау жасалып, тұрғындар сауалына жауап берілді.

Соңғы жаңалықтар