Батыс Қазақстанда денсаулық сақтау саласына 18,8 млрд. теңге бөлінді

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биыл денсаулық сақтау саласына 18,8 млрд. теңге бөлінді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, соның ішінде тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне - 12,9 млрд.теңге, медициналық жабдықтар сатып алуға - 0,6 млрд. теңге, күрделі жөндеу жүргізуге 2 млрд. теңге қаржы қарастырылды. Оған қоса республикалық бюджет қаржысы есебінен  жалпы сомасы 2,5 млрд. теңгеден астам 6 денсаулық сақтау нысаны құрылысы жалғасуда, 2009 жылғы қарашаның 1-іне соның 2,4 млрд. теңгесі  игерілді.

Жаңақала ауданының Жаңақала ауылындағы ауданаралық сауықтыру ауруханасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Облыстық кардиохирургиялық бөлімше ашылды.

Республикалық және жергілікті бюджеттер қаржысы есебінен 30 денсаулық сақтау ұйымына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, қарашаның 1-іне 1,9 млрд. теңге игерілді. Таяуда облыстық аурухана жанынан офтальмологиялық бөлім ашылды, енді облыста көзге жаңа технологиялар негізінде күрделі операциялар жасауға мүмкіндік бар.

Ана мен бала денсаулығын қорғау ісі едәуір жақсарды. Жуықта күрделі жөндеуден кейін облыстық перинаталдық орталық қайтадан ашылды.

Биылғы он айда облыста 10318 бала дүниеге келді.

Дәрілік қамтамасыз ету мәселесі де күнделікті назарда. Балалар мен жасөспірімдерді, әйел адамдарды құрамында темір және йоды бар препараттармен қамтамасыз етуге 177,1 млн. теңге бөлінді.

Туберкулез, онкологиялық және диабет ауруларына қарсы препараттарды сатып алуға 403 млн. теңге қаржы жұмсалды.

Соңғы жаңалықтар