Батыс Қазақстанда «Денсаулық керуені» бағдарламасы аясында қант диабетімен ауыратындар тексерілуде

None
None
ОРАЛ. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында ҚР Диабет бірлестігінің «Денсаулық керуені» бағдарламасы аясында қант диабетімен ауыратындар тексерілуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы мақсатта облыстық «Диабет» қоғамының өкілдері Теректі ауданының Федоров, Зеленовтың Дариян ауылында болып, науқастарға дәрігерлік кеңестер берді, олардың өтініш-тілектерін тыңдады. Екі аудандағы тексеру қорытындысы науқастардың қан құрамындағы қант мөлшері орташа екендігін көрсетті.

Облыстық «Диабет» қоғамының төрайымы Тамара Истоминаның айтуынша, аталмыш бағдарламамен шалғай аудандар да қамтылатын болады. Сапар барысында салауатты өмір салты да насихатталмақ.

Соңғы жаңалықтар