Батыс Қазақстанда бұршақ жауып, дауыл соғады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 11 тамыз күні кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Орал қаласында да найзағай ойнап, дауыл көтеріліп, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар алынып жатқандығын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын өңірде желдің күшейетіні жөнінде ескерту жарияланғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар