
09:58
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне сәйкес 4-5 желтоқсан күндері өңірдің кей жерлерінде қар жауып, бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал.
Сондай-ақ Орал қаласында да қар жауып, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 18 метрге жетпек.
Осыған байланысты ТЖ департаменті ескерту жариялап, төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында шаралар қолға алынуда.