Батыс Қазақстанда Бөрлі ауданы елді мекендерін газдандыруға 1127,2 млн. теңге бөлініп отыр

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында Бөрлі ауданының оңтүстік бөлігіндегі елді мекендерін газдандыруға республикалық бюджеттен 1127,2 млн. теңге бөлініп отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Ғұмар Дүйсембаевтың айтуынша, соның ішінде 2009 жылға - 90 млн., 2010 жылға - 210 млн., 2011 жылға 827,2 млн. теңге қарастырылды. Осы жобаны жүзеге асыру барысында Бөрлінің тоғыз және көршілес Сырым ауданының үш елді мекені газдандырылмақ. Шамамен 42 мың адам «көгілдір отынмен» қамтамасыз етілмек.

Соңғы жаңалықтар