Батыс Қазақстанда боранға байланысты Саратов бағытындағы жол жабылды

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты республикалық жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы БҚО филиалының мәліметі бойынша бүгін жергілікті сағат 14.30-дан бастап Орал-Саратов (4-104 км, Оралдан РФ шекарасына дейін) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Жабылу себебі – күшті боран, жолдың дұрыс көрінбеуі.

Бұл туралы БҚО ТЖ департаменті хабарлап, ескерту жарияланғанын жеткізді.

Кеше өңірде 14 қаңтар күні боран мен көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20, екпіні 23-28 метрге, облыстың солтүстік бөлігінде 30 метрге жетуі ықтимал екендігі хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жол апатынан бес адамның қаза тапқанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар