+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда биыл 484,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек

2020 жылғы 23 қыркүйек 11:19
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда биыл 484,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстанда биыл барлық қаржы көздері есебінен 484,9 мың шаршы метр тұрғын үй (1911 үй) пайдалануға берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бақытжан Сағынтаев «Зерделі» ықшамауданындағы жағдайды өз бақылауына алды Ұлттық банк «Баспана хит» ипотекалық бағдарламасына өзгеріс енгізді Даниал Ахметов Өскемендегі көпқабатты үйлердің құрылысын сынға алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында ел тұрғындарының баспана мәселесін тезірек шешу керектігін атап көрсеткен болатын.

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиевтің айтуынша, мемлекеттік қолдау арқылы жыл аяғына дейін 9 көпқабатты үй (1481 пәтер) және ауылдарда 89 ү й (225 пәтер), барлығы 1706 пәтер іске қосылмақшы.

Осының ішінде 519-ы жергілікті атқару органдарында кезекте тұрғандарға, 1187-сі тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына беріледі.

Басқарма басшысының сөзіне қарағанда, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы 2017-2019 жылдары өңірдегі тұрғын үй құрылысына тың серпін берді. Осы кезеңде 1,3 млн шаршы метр тұрғын үй бой көтерді. Іске қосылған тұрғын үй көлемі 392,2 мыңнан 484,9 мың шаршы метрге жетті. Инвестиция 418,5 млрд теңгені құраса, бұл да 111,9 млрд теңгеден 173,1 млрд теңгеге дейін көбейді. Осы жылдары 5810 тұрғын үй салынды.

Биылдан бастап Қазақстанда «5-10-25» бағдарламасы жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Батыс Қазақстан облысында «Шаңырақ» пилоттық жобасы бойынша несиелік үй құрылысына 2020 жылы 6 млрд теңге бөлінді. БҚО үшін облигациялық зайым есебінен тұрғызылатын үйдің 1 шаршы метрінің құны 160 мың теңгені құрайды. Қазіргі таңда аталған қаржыға 6 көпқабатты тұрғын үй (666 пәтер) салу жоспарлануда. Соның үшеуінің құрылысы басталып кетті.

«Мемлекет тарапынан мамандарды ауылдық жерге тартудың бір жолы – ауылда тұрғын үй салу. Бұл ретте үлгі жобаны қолдану, салынатын үй көлемін 100 шаршы метрден, ал оның құнын 10 млн теңгеден асырмау, сондай-ақ аудан орталығынан 80 шақырымнан артық қашықта болмауы негізгі талаптар болып есептеледі. Үй құнының 50 пайызы

субсидияланады», деді Ә.Антазиев.

Өңірде тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін жыл сайын инженерлік-коммуникациялық желіні тартуға кемінде 2 млрд теңге бөлінеді. 2017-2019 жылдары инженерлік-

коммуникациялық желімен 4 мыңдай жер телімі қамтылды.

Жолдауға сәйкес тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі бұдан былай да назарда болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жаңа қазандық орнатылып жатқанын, БҚО-да 342 мың гектар жердің пайдаланылмай отырғанын жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT