Батыс Қазақстанда бір тәулікте 205 адамнан коронавирус анықталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы тәулікте 205 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соның 154-інде, яғни басым көпшілігінде ауру белгілері байқалса, 51-і – симптомы жоқтар.

Алдыңғы аптамен салыстырғанда, коронавирус жұқтырғандар саны 8,5 пайызға (76 адамға) өсіп отыр.

Індет басталғаннан бері өңірде сырқаттанғандар саны 17270- ке жетсе, соның 9633-інде ауру белгілері болса, 7637-сі – симптомы жоқтар.

Барлығы 13789 адам жазылып шықты. 263 адам өмірден озды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирус жұқтырған 31 адамның жансақтау бөлімінде жатқанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар