Батыс Қазақстанда бір отбасы түгел жол апатына ұшырап, әйел адам көз жұмды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында бір отбасының мүшелері жол апатына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметкері, полиция майоры Дариға Мәжитованың айтуынша, жол-көлік оқиғасы 3 маусым күні сағат 18.13-те Ақсай-Шыңғырлау жолының 34-шақырымында болған.

41 жастағы ер адам айдап келе жатқан «Рено Сандеро» автокөлігі аударылып қалды.

Автокөлік салонында әкесі мен анасы, баласы мен қызы, барлығы бес адам болған.

Жол апаты салдарынан 1961 жылғы әйел есін жия алмастан ауруханада көз жұмды.

«Жол апатының себебі - жүргізуші қалғып кеткен. Медициналық куәландыруға сәйкес ол ішімдік ішпеген. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», деді Д.Мәжитова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 13 жасар баланың суға кетіп қала жаздағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар