Батыс Қазақстанда бір күнде екі автокөлік өртенді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында бір күнде екі автокөлік өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше Бөрлі ауданы мен Орал қаласында орын алды.

Бөрлі ауылында сағат 16.23-те жеке үйдің ауласында 2009 жылы шығарылған «ГАЗель» көлігі жанған.

Сол секілді Зачаган кентінде Целинная көшесі 32-үйдің ауласында сағат 22.45-те 2014 жылы шығарылған «УАЗ Патриот» автокөлігі өртенген.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталуда.

Осымен биыл облыста отқа оранған автокөліктер саны 100-ге жетті.

Оған қоса Бәйтерек ауданы Дариян ауылында кеше түнгі сағат 23.08-де Набережная көшесі 62-үйдің ауласында орналасқан монша өртенді. Оның аумағы 20 шаршы метрді қамтыды.

Сонымен қатар өткен тәулікте облыс аумағында 18 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Кеше кешкісін сағат 19.38-де Самара-Шымкент жолының 438-шақырымында DAF жүк көлігі мен «Лада Калина» соқтығысты. Жол апаты салдарынан түрлі жарақат алған әйел адам ауруханаға жеткізілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын өңірде қос автокөлік соқтығысып, 9 адамның ауруханаға жеткізілгенін жазған болатынбыз. Бұған ауа райының қолайсыздығы да себеп болуда.

Соңғы жаңалықтар