Батыс Қазақстанда бір күнде 3 мыңнан астам адам індетке қарсы егілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында кеше 3025 адам коронавирусқа қарсы егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, қала емханалары мен жеке клиникаларда, сондай-ақ аудандық ауруханалардағы егу кабинеттерінің саны 47-ге жеткізілді.

Күні бүгінге дейін өңірде вакцинаның бірінші компонентімен 17215 адам егіліп үлгерсе, соның 4871-і – медицина қызметкерлері, 3377-сі – педагогтар, 1487-сі – құқық қорғау органдарының, 7480-і – басқа сала өкілдері.

Сонымен қатар 4067 адам екінші компонентпен егілді.

9 сәуір күні түскен 14 мың дозадан (І компонент) 7065 адам (50,4 пайыз) екпе салдырды.

Вакцинация кестеге сәйкес одан әрі жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 14 мыңнан астам адамның коронавирусқа қарсы егілгенін, 560-қа жуық адамның инфекциялық ауруханада жатқанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар