Батыс Қазақстанда білім беру нысандарын күрделі жөндеумен қатар жаңаларын пайдалануға беру жұмыстары жалғасады

None
None
Л. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында білім беру нысандарын күрделі жөндеумен қатар жаңаларын пайдалануға беру жұмыстары жалғасады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айталық, биыл   91  білім ордасын, соның ішінде «Жол картасы» бойынша 17 нысанды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып, бұған барлығы  3,8 млрд. теңге, ал ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін 340 млн. теңге қаражат бөлінген болатын. Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, 2008-2009 жылдары жүзден астам мектеп күрделі жөнделмек. Бұл 435 мектептің әрбір төртіншісі деуге болады. Алдағы жылы тағы 40-50 мектеп ретке келтірілмек, сонда білім нысандарын күрделі жөндеу мәселесі толық шешімін табады.

Сонымен қатар жаңа мектептерді салу жұмыстары жалғасады. Мәселен, 2009 жылдың соңына дейін жергілікті бюджет есебінен Сырым ауданының Бұлан ауылында 132 орындық, Бөрлінің Қызылталында 250 орындық қосымша мектеп ғимараты пайдалануға берілмек. Ал Теректі ауданы  Жайық ауылында 96 орындық, Зеленовтің Октябрінде 46 орындық және Тасқалада балалар саз мектептерінің  құрылыстары жүргізілуде.

Жуырда жаңа оқу жылына орай республикалық бюджет есебінен Орал қаласының Желаев кентінде 360 орындық мектеп іске қосылатын болса, 100 орындық жатақханасымен 300 оқушыға арналған мектеп құрылыстарын Тасқала мен Қаратөбе аудандарының орталықтарында бастау көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар