Батыс Қазақстанда балалар үшін қайырымдылық мерекесі ұйымдастырылды

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Бөбек» қорының бастамасымен Батыс Қазақстан облысындағы балалар үйлері мен мекемелерінде «Ризашылық - балалар игілігі үшін жақсылық» атты қайырымдылық мерекесі өткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балалар үйлеріне келген меймандар арнайы сыйлықтар үлестіріп, құттықтауларын тапсырды. «Бөбек» қорының атынан үй кинотеатры мен караоке сыйға тартылды. «Ризамын бүгінге, ризамын қазірге!» атты мерекелік концерттер қойылып, облысқа танымал әншілермен қатар балалардың өздері де өнер көрсетті.

Облыстық балалар құқығын қорғау департаментінің директоры Әли Мәсәлімовтің айтуынша, шараның басты мақсаты - жетім балаларға отбасылық мереке сыйлау. Бұл алдағы уақытта игі дәстүрге айналмақ.

Соңғы жаңалықтар