Батыс Қазақстанда балалар туризмінің 50 жылдығына орай шаралар ұйымдастырылатын болады

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Алдағы жылы Батыс Қазақстан облысында балалар туризмінің 50 жылдығы аталып өтілмек.

Осыған байланысты биылдан бастап шаралар ұйымдастырылатын болады. 

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлсім Усағалиеваның ҚазАқпарат тілшісіне мәлім еткеніндей, балалар туризмін дамыту бағытында өңірде көптеген шаралар қолға алынып отыр. Айталық, Төкеш Жездібаевты еске алуға арналған тау туризмі техникасынан облыс оқушылары арасында жарыс өткізіліп, жеңімпаздар анықталса, одан кейін орталық жанынан басылатын ғылыми-әдістемелік «Соқпақ - Тропинка» журналының шыға бастағанына бес жыл толуына орай Орал қаласында №35 орта мектептегі скалодромда шыңға өрмелеуден сайыс ұйымдастырылды. Мұнда қаладағы №23 мектептің «Бригантина» командасы жеңімпаз атанса, отбасылық үлгідегі балалар ауылының «Колумбы» екінші орынды еншіледі.

Соңғы жаңалықтар