Батыс Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы төмендеп отыр

None
None
ОРАЛ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында тамызда алдыңғы айға қарағанда азық-түлік тауарларының бағасы 0,3 пайызға төмендеді.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, әсіресе, жеміс-жидек пен көкөніс - 3,7, жұмыртқа - 1,3, картоп 8,8 пайызға арзандады.

Азық-түлік емес тауарлар құны 0,3 пайызға көтерілді. Мұнда кеңсе тауарлары - 8,2, балалар киімі - 1,4, бензин 2,1 пайызға қымбаттаса, цемент 7,3 пайызға түсті.

Тұрғындарға ақылы қызмет 2,8 пайызға жоғарыласа, бұл тұрғын үй-коммуналдық қызметтің 6,1 пайызға, соның ішінде сумен қамтудың 25, ыстық су бағасының 33,7 пайызға көтерілуіне байланысты болып отыр.

Соңғы жаңалықтар