Батыс Қазақстанда автокөлікті мас күйінде айдаушылар көбейіп кетті

None
None
ОРАЛ. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында автокөлікті мас күйінде айдаушылар көбейіп кетті.

Бұл шілденің 23-30-ы аралығында өткізілген «Қаладан шет жолдар» іс-шарасы барысында анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық жол полициясы басқармасының аға инспекторы Нұртай Лезовтың айтуынша, осы кезеңде автоарғымағына мас күйінде отырған 129 адам ұсталды. Наркодиспансерге жеткізілген біреуі тіпті ішкен-ішпегендігін анықтайтын әйнек құтыны жұтып қойып, «ерлік» жасады. Аталмыш іс-шара кезінде барлығы 3245 жол ережесін бұзушылық тіркелсе, соның 980-ы - жылдамдығын шектен тыс арттырғандар, 436-сы - қауіпсіздік белбеуін тақпағандар.

Шілденің 28-30-ы аралығында «Айдап кету» іс-шарасы кезінде барлығы 22 қылмыс ашылса, соның екеуі көлікті айдап кетуге қатысты болып отыр.

Тамыздың 3-8-і аралығында «Автобус» іс-шарасы басталмақ.

Соңғы жаңалықтар