Батыс Қазақстанда автокөлік... жылқымен соқтығысты

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Жымпиты ауылының тұсында, Орал-Шымкент күре жолының 357-шақырымында 29 жасар жүргізуші айдап келе жатқан «Фольксваген Пассат» автокөлігі екі жылқымен соқтығысты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Тамыздың 23-і күні сағат 23.00-де болған жол апаты салдарынан жүргізуші мен 54 жасар әйел түрлі жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілді. Ал Жымпиты ауылында тұрған 17 жасар оқушы Сырым аудандық ауруханасында көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар