Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, жүргізуші зардап шекті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында автокөлік аударылып, жүргізуші зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 13 қыркүйек күні шамамен сағат 06.30-да Бәйтерек ауданында болды.

Переметный-Үлкен Шаған жолының 36-шақырымында 33 жастағы жүргізуші жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, «Фольксваген Гольф» автокөлігінің аударылуына жол берген.

Салдарынан жүргізуші Бәйтерек аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

Осы оқиға бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 612-бабына сәйкес хаттама толтырылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, жүргізушінің іші көгерген. Сол жақ қасының тұсы іскен.

Амбулаторлық ем алуға жіберілді. Сынық жарақаттары жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда екі автокөлік соқтығысып, бір адамның ауруханаға жеткізілгенін жазған болатынбыз.

Бұл оқиға салдарынан 32 жастағы ер адам жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған, оң жақтағы екі-үш қабырғасы сынған деген диагнозбен ауруханаға түскен болатын. Ол да амбулаторлық ем алуға жіберілді.



Соңғы жаңалықтар