Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, жүргізуші мерт болды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында автокөлік аударылып, жүргізуші мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 28 мамыр күні Чапаев-Сайқын жолының 105-шақырымында болды.

Сағат 17.00 шамасында 1974 жылғы жүргізуші «ВАЗ-2109» автокөлігінің аударылуына жол берді.

Жол апаты салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапты.

Қазіргі кезде полиция қызметкерлері мән-жайды анықтап жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөлік қағып кеткен ер адамның ауруханада көз жұмғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар