+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, жүргізуші қаза тапты

2021 жылғы 20 маусым 20:05
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, жүргізуші қаза тапты

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында автокөлік аударылып, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да жүк көлігі полицейлердің бақылау бекетіне соғылды Таразда автокөлік қаққан велосипедші қайтыс болды Ақтауда жол апатынан жас жігіт көз жұмды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 20 маусым күні Бөрлі ауданы Пугачев ауылы маңында болды.

Шамамен жергілікті сағат 15:30-да Toyota Hilux автокөлігінің 72 жастағы жүргізушісі жолсызбен келе жатып, аударылып қалған.

Жол апаты салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөлік пен мотоцикл түйісіп, екі жүргізуші қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ БҚО полицейлері жоғалып кеткен 26 жылқыны тауып, иелеріне қайтарды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT