Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, екі адам мерт болды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында автокөлік аударылып екі адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 17 қазан күні Чапаев-Жалпақтал-Казталов жолының 84-шақырымында болды.

«Нива Шевроле» автокөлігінің доңғалағы жарылып, аударылған.

Соның салдарынан 51 жастағы жүргізуші мен 40 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

БҚО полиция департаменті жүргізушілерге қырағы да мұқият болып, жол жүру ережесін бұзбау керектігін еске салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 2 көлік соқтығысып, екі адамның жарақат алғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Оралда 6 пәтерлік тұрғын үй өртеніп кетті.


Соңғы жаңалықтар