Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, 31 жастағы жолаушы мерт болды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында автокөлік аударылып, 31 жастағы азамат мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 30 маусым күні Ақжайық ауданы аумағында болды.

Сағат 06.00-де Атырау-Орал жолының 271-шақырымында 30 жастағы жүргізуші «ВАЗ-21010» автокөлігінің руліне ие бола алмай, аударылуына жол берген. Ол медициналық қорытындыға сәйкес мас күйінде болған.

Жол апаты салдарынан 1990 жылғы ер адам жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. 1996 жылғы қыз Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жатқызылды.

Автокөлік арнайы тұраққа қойылып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақсай қаласында 55 жастағы ер адамды өлтірген күдікті ұсталғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар