Батыс Қазақстанда ауа райы күрт суытады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне сәйкес өңірдің кей жерлерінде 26-27 желтоқсан күндері түнде ауа температурасы 15-20 градусқа дейін күрт төмендеп, аяз күшейеді.

Орал қаласында да түнде 15-17 градус аяз болуы ықтимал.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, төтенше жағдайларды болдырмау бағытында шаралар алынуда.

Соңғы жаңалықтар