Батыс Қазақстанда атақты әнші Ғ.Құрманғалиевтің 100 жылдығына арналған шаралар жалғасуда

None
None
ОРАЛ. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында Қазақстанның халық әртісі, атақты әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің 100 жылдығына арналған шаралар жалғасуда,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облыстық халық шығармашылығы орталығының әншісі, республикалық байқаулардың лауреаты Ажар Сейтенова осы шілде айында облыстың бірнеше аудандарында болып, Жаңақала, Пятимар, Хан ордасы, Сайқын, Жәнібек, Қазталов  және басқа ауылдарда арнайы концерт қойды. Қазталовта туып-өскен, Мұхит, Ғарифолла әндерін шырқайтын Ажардың апасы Қарлығаш Сейтенова Құрманғазы атындағы академиялық қазақ ұлт аспаптар оркестрінің домбырашысы болса, ұлы, балғын қобызшы Аятолла Тұрғанов Алматыдағы Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мектепте оқиды. Қазір осы екеуі де бірі сіңлісінің, екіншісі анасының шашбауын көтеріп, өз өнерлерін көрсетіп жүр.

Тамыздың 5-інде әнші рухына арнап олар Орал қаласында концерт қоймақ.

Соңғы жаңалықтар