Батыс Қазақстанда арнайы бағдарламаға сәйкес 57 елді мекенді газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында газ жүйесін дамыту бағдарламасына сәйкес 866 шақырым газ құбырын салу, халқының саны шамамен 50 мыңды құрайтын 57 елді мекенді газбен қамтамасыз ету жоспарлануда,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің сөзіне қарағанда, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың   берген тапсырмаларына сәйкес қазіргі кезде «Қарашығанақ-Орал» газ құбыры салынуда, ол іске қосылғаннан кейін  146 елді мекенді көгілдір отынға қосымша қосуға мүмкіндік береді, бұл ауылдарда 92 мыңнан аса адам тұрады. Мәселен, биылғы желтоқсанда Теректі ауданының Федоров, Жайық, Пойма, Ақсуат, Әйтиев, Подстепный және Новопавлов ауылдарына, Бөрлі ауданының Қызылтал, Жаңақоныс, Ақсу және Бөкей Ордасының Орда ауылына газ беру көзделіп отыр.  Зеленов ауданы Чинарев ауылына 17 шақырымдық газ құбыры тартылды.

Соңғы жаңалықтар