+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда алты күнде 3 мыңға жуық талапкер ҰБТ сынағынан өтті

2020 жылғы 27 маусым 17:30
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда алты күнде 3 мыңға жуық талапкер ҰБТ сынағынан өтті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында алты күнде 3 мыңға жуық талапкер ҰБТ сынағынан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда соңғы төрт күнде 300-ге жуық адамнан коронавирус анықталды Пандемия мұғалімдердің жұмысына қалай ықпал етті – Министр қорытындысы Асхат Аймағамбетов қашықтан оқытуда артта қалған оқушыларға қолдау көрсетуді сұрады

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бүгін үміткерлер Оралда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіндегі тестілеу пункттеріне келді.

БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қосымша шектеу шараларын енгізу туралы қаулысына сәйкес 27, 28 маусым күндері Оралда қоғамдық көліктер жүрмейтіндіктен, талапкерлер үшін тасымал ұйымдастырылды.

Бұл жолы облыстық мектептер, Орал қаласы және Теректі аудандарының түлектері сынақ тапсырды. Алтыншы лекке қатысуы тиіс 443 түлектің 21-і өз еріктерімен тест тапсыруға келмеді. Қалған 424 түлек санитарлық талаптарды сақтай отырып, тапсырып шықты.

Бір атап өтетін жайт, бүгін ҰБТ талаптарын бұзғаны үшін тест тапсыруға жіберілмеген немесе аудиториядан шығарылған түлектер болған жоқ.

Осылайша, БҚО-да 5 мыңнан астам талапкер ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдірсе, алты күнде соның 2900-і сынақтан өтті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда бір күнде 400-ден астам талапкердің ҰБТ тапсырғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT