Батыс Қазақстанда алпыстан астам автокөлік қар құрсауынан шығарылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында алпыстан астам автокөлік қар құрсауынан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО төтенше жағдайлар департаментінен түскен мәліметке қарағанда, кеше сағат 21.00-ден бастап Тасқала ауданында Орал-Саратов, Тасқала-Аққурай, сондай-ақ Переметный-Озерный жолдарында барлығы 61 көлікке көмек көрсетілді.

Оның 38-і - жеңіл, 22-сі - жүк көліктері, біреуі - жолаушылар автобусы. Бұл көліктерде барлығы 211 адам болған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын өңірде боранға байланысты жолдар жабылған болатын. ТЖ департаментінің хабарлауынша, барлық облыстық маңызы бар және республикалық Орал-Самара, Орал-Саратов (Переметныйдан бастап) бағытындағы жолдар әлі ашылған жоқ.

Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар