Батыс Қазақстанда «Алаш мұрасы жастар көзімен» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді

None
None
ОРАЛ. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Сырым ауданында «Алаш мұрасы жастар көзімен» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ішкі саясат басқармасы мен аудан әкімдігінің қолдауымен «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігі мен «Жас Отан» жастар қанаты аудандық кеңесі ұйымдастырған басқосуда «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенжебай Нығмет, облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы Әлібек Молданиязов, «БҚО жастары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің маманы Ермек Мұхамбетқалиев лебіздерін білдірді.

Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектепте секциялық отырыстар өткізіліп, онда «Алаш қайраткерлерінің алғашқы қазақ баспасөзін қалыптастырудағы рөлі», «Алаш арыстары ағартушылық қызметінің тарихи маңызы», «Алаштың тәуелсіз еліміздің ұландарын патриоттық рухта тәрбиелеуде алатын орны» деген тақырыптарда баяндамалар жасалды.

Жиынға қатысушылар аудан орталығындағы мәдени-тарихи мұражайларда болып, Сырым батыр мен Алаш қайраткерлеріне арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Соңғы жаңалықтар