Батыс Қазақстанда ағайынды жігіттер ұзақ уақыт бойы құжатсыз жүрген

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ағайынды жігіттер 18 және 15 жыл бойы құжатсыз жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға Теректі ауданында болды.

1987 және 1990 жылғы ағайындылар 16 жасқа толған кезде ата-анасының салғырттығына байланысты жеке куәліктерін алмаған.

Осы мәселені шешу үшін олар Теректі ауданы полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының инспекторы Әділбек Баймұхановқа жүгінген. Инспектор мұны шұғыл шешіп, ағайынды жігіттердің осыншама уақыт бойы күткен құжаттарын рәсімдеуге көмектескен. Олар өз міндетін адал атқарғаны үшін Ә.Баймұхановқа алғысын білдірді.

Айта кетейік, ҚР ІІМ тапсырмасына сәйкес БҚО аумағында құжатсыз жүрген адамдарды құжаттандыру жұмыстары жүргізіліп келеді.

БҚО ішкі істер департаменті көші-қон басқармасы 2020 жылдың 24 қыркүйегінен бері арнайы акция ұйымдастырды. Іс-шара басталғалы бері облыс аумағында 84 адам жеке басты куәландыратын құжатқа қол жеткізді. Соның ішінде 52-сі 1974 жылғы үлгідегі төлқұжат, 32-сі туу туралы куәліктері бойынша құжаттандырылды.


Соңғы жаңалықтар