+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда адасқан 4 адам бір тәуліктен кейін табылды

2020 жылғы 25 наурыз 16:09
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда адасқан 4 адам бір тәуліктен кейін табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында адасқан төрт тұрғын бір тәуліктен кейін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда жоғалып кеткен әйел ауылдан табылды Оралда із-түзсіз кеткен 31 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр СҚО-да жаяу жолға шығып, адасып кеткен 33 жастағы ер адам құтқарылды

БҚО ТЖ департаменті зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиевтің мәлім еткеніндей, оқиға 24 наурыз күні Қазталов ауданында орын алды.

Үш ересек адам және бір жасөспірім «УАЗ» автокөлігімен Қазталов ауылынан сағат 14.00-де Қурайлы қыстағына қарай шығып кеткеннен оралмаған.

Оларды ТЖ (1 қызметкер), жергілікті полиция қызметі (3 қызметкер, 1 техника) және ауыл тұрғындары (3 адам, 1 техника) іздестірді.

Іздестіру тобымен аталған адамдар бүгін сағат 11.30-да Қайып қыстағынан (Қазталов ауылының солтүстігінде 35 шақырым қашықтықта) 3 шақырым жерден табылды. Олар медициналық көмекті қажетсінген жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда мангалға тамақ пісіремін деп күйіп қалған екі адамның ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT