Батыс Қазақстанда «Абай болыңыз, балалар!» іс-шарасы басталды

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Тамыздың 25-інде Батыс Қазақстан облысында «Абай болыңыз, балалар!» іс-шарасы басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала көшелерінде қауіпті қиылыстар мен мектептер маңында балалар бейнелері пайда болды. Жол полициясы басқармасының аға инспекторы Нұртай Лезовтың айтуынша, кешеден бастап қалалық білім беру бөлімі, «Жас Отан» жастар қанаты және жол полициясы өкілдері мектептер аумағын бақылап, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін не қажеттігін анықтай бастады. Қыркүйектің 1-інен қала мектептерінде жол полициясы қызметкерлері оқушылармен кездесіп, жол қозғалысы ережесін тағы бір пысықтайды.

Аталмыш іс-шара қыркүйектің 4-іне дейін созылмақ.

Соңғы жаңалықтар