Батыс Қазақстанда 95 жастағы соғыс ардагері вакцина қабылдады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, 95 жастағы Андрей Старцев коронавирусқа қарсы екпе салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Андрей Тимофеевич Бәйтерек ауданы Рубежин ауылында тұрады.

Ол өзінің және туыстарының денсаулығы үшін вакцина алғанын жеткізді.

Екпе алғандардың тағы бірі - осы ауданның Достық ауылында тұратын Михаил Дядченко.

«Менің жасым 82-де. «Спутник V« вакцинасын қабылдадым. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Екпе алу, әсіресе, жасы ұлғайған адамдар үшін маңызды. Өзімізді және жақын-жуықтарымызды қорғау үшін вакцина алу қажет, деді М.Дядченко.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, өткен тәулікте 619 адам вакцинаның бірінші компонентімен егілді.

Вакцинация басталғаннан бері облыс бойынша барлығы 217 551 адам бірінші компонентті салдырды, бұл - егілуге тиісті тұрғындардың 60,4 пайызы.

Сондай-ақ 189 536-сы екінші компонентті салдырды.

Тұрғындарды егу жұмыстары одан әрі жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда соңғы төрт тәулікте 260 адамның коронавирус жұқтырғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар