Батыс Қазақстанда 91 жастағы тыл ардагері өз таңдауын жасады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралға қарасты Серебряков кентінде тұратын 91 жастағы тыл ардагері Әшиберген Бикетов референдумда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүріп-тұруы қиын болғандықтан, ақсақал өз үйінде дауыс берді.

«Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бала болсақ та, тылда ересектермен бірге еңбек еттік. Қабырғамыз қатпай жатып қиындықтың не екенін көріп өстік. Сөйтіп Жеңіске көппен бірге өз үлесімізді қостық. Енді, міне, осыншама жасқа келіп, тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендегенін көріп, қуанып отырмыз. Бұл да – бақыт. Бүгінде желкілдеп өсіп келе жатқан ұрпағымыздың болашағы жарқын болғай деп тілеп отырамыз. Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», - деді қария.

Серебряков кентіндегі учаскеде барлығы 828 дауыс беруші тіркелген. Олардың ең үлкені 91 жаста болса, 19 жас сайлаушы бар. Ең жасы – Анель Иманбаева.

Серебряков жалпы орта білім беретін мектебінің тәлімгері Гүлжауар Ерсайынқызы дауыс беруге ауыл халқының да белсене қатысып жатқанын жеткізді.

«Серебряков мектебінде жас жеткіншектерге дене тәрбиесінен сабақ беремін. Өзім Круглоозерный кентінде тұрамын. Ауылымдағы референдум үлкен мереке сияқты өтуде. Біз де өз таңдауымызды зор үмітпен жасадық», деді Серебряков мектебі дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Нұрғазы Қуанғалиев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын батысқазақстандық ғалымның халықтың емін-еркін өз таңдауын жасап жатқаны туралы айтқанын, Ұлттық ұланның 18-ге толған сарбаздары референдумда дауыс бергенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ оралдық ғалым ұлт болашағын ойлайтын ұрпағы үшін қуанғанын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар