Батыс Қазақстанда 800-ге жуық адамның карантин талабын бұзғаны анықталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері «Ashyq» қосымшасы деректері бойынша 783 адамның карантин талабын бұзғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаевтың мәлім еткеніндей, соның 772-сі – «қызыл», 11-і – «сары» мәртебесі

бар адамдар. Олар үйлерінде оқшаулануы тиіс болса да, «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істейтін нысандарға барған.

М.Арыспаевтың айтуынша, осы анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес 81 хаттама толтырылып, 3,7 млн астам

теңге көлемінде айыппұл салынды.

Карантин талабын бұзған «қызыл» мәртебесі бар 72 адамның аты-жөні әлеуметтік желілерде жария етілді.

Департамент басшысының сөзіне қарағанда, ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 18 ақпандағы №10 және №11 қаулыларына сәйкес бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Атап айтқанда, «жасыл» және «көк» мәртебесі бар адамдарға «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істейтін нысандарға баруға рұқсат етілді. Сонымен қатар олар көрме, марафон, спорттық, салтанатты, естелік, отбасылық іс-шаралар, конференция, форумдар және басқа көп адам жиналатын іс-шараларды ұйымдастырып, өткізе және бара алады.

Оған қоса офлайн режимде ұйымдар мен кеңселердің жұмысы үшін шектеулер алынып тасталды.

Ауру белгілері болмаған жағдайда байланыста болған адамдарды үй карантинінде оқшаулау жойылды.

«Сол секілді балалардың «жасыл» немесе «көк» мәртебесі бар ата-аналары мен заңды өкілдеріне білім беру ұйымдарының ғимараттарына кіруге рұқсат етіледі», деді

М.Арыспаев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 64 мыңға жуық адамның ревакцинациядан өткенін, соңғы аптада коронавирус жұқтыру 43,7 пайызға азайғанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар