Батыс Қазақстанда 68 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 68 143 адам ревакцинациядан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, осы кезге дейін облыс бойынша 273 352 адам вакцинаның бірінші компонентімен егілді, бұл - егілуге тиісті тұрғындардың 66 пайызы.

Сондай-ақ 261 873-і (63 пайызы) екінші компонентті де салдырды.

Қазіргі кезде өңірде 54 457 доза І, 114 422 ІІ компонент вакцина бар.

Pfizer вакцинасын 10 706 адам қабылдаса, соның 406-сы - жүкті, 4 750-і - бала емізетін әйелдер, 5541-і - жасөспірімдер, 9-ы - мүгедектер.

Басқарма мәліметіне қарағанда, күні бүгін 511 төсектік 12 инфекциялық стационарда 5 науқас ем қабылдауда. Жансақтау бөлімшесіндегі 3 адамның біреуі ауыр, екеуі аса ауыр халде.

Жыл басынан бері 43 адам коронавирустан көз жұмды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавируспен ауырған 1600-ден астам адамның оңалту курсынан өткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Оралда тоғыз айлық сәби эскалатордан құлап кетті.


Соңғы жаңалықтар