Батыс Қазақстанда 68 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы егілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 67981 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентімен егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, 31 151 адам екінші компонентін алып үлгерді. Өңірде тұрғындарды вакцинациялау жұмыстары одан жүргізіліп жатыр.

Басқарма мәліметіне қарағанда, қазіргі кезде «сары» аймақта тұрған өңірде соңғы тәулікте 75, бір аптада 612 адамнан коронавирус анықталды.

Пневмонияға шалдыққан 324 адам стационарда емделіп жатыр.

Күні бүгін инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына 3, инвазивті емес құрылғыға 10, оттегі концентраторына 24, орталықтандырылған оттегі көзіне 90 адам қосылған.

«Облыста 1123 төсектік 18 инфекциялық стационарда 400, соның ішінде жансақтау бөлімінде 32 адам жатыр. 195 төсектік 4 карантиндік стационарда 13 науқас бар. Өткен жылғы қыркүйектен бері 1275, биыл 1070 баладан індет табылды. Ірі кәсіпорындардан «Жайықмұнай» ЖШС-да жыл басынан бері 38, «ҚПО б.в.» компаниясында 145 адамнан коронавирус шықты», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирус жұқтырған 27 науқастың жансақтау бөлімінде жатырғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар