2009 жылғы 24 қараша 10:31

Батыс Қазақстанда 57,3 млрд. теңгенің бөлшек тауары сатылды

ОРАЛ. Қарашаның 24-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы он айда 57,3 млрд. теңгенің бөлшек тауары сатылды.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұл өткен жылғыдан 9,5 пайызға кем. Сауда кәсіпорындары 24,1 млрд. теңгенің бөлшек тауарын өткізсе, 33,2 млрд. теңге жеке кәсіпкерлердің үлесіне тиеді.

Сыртқы сауда айналымы биылғы тоғыз айда 1303,7 млн. АҚШ долларын құрап, 37,5 пайызға қысқарды. Соның ішінде 541,6 млн. доллар көлеміндегі экспорт 55,5 пайызға төмендесе, 762,1 млн. долларға жеткен импорт 12,2 пайызға азайды.

Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT