Батыс Қазақстанда 50-ден астам тұрғын үй суда қалып қойды

None
Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданында 54 үй суда қалып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің жедел штабынан мәлім еткеніндей, соның 10-ына соңғы тәулікте су кірген.

Атап айтқанда, Ақбұлақ ауылында 14, Қызылталда 16, Кеңтүбекте 15 үй суға кеткен.

Сондай-ақ Орал қаласында соңғы тәулікте «Ягодка» саяжай қоғамында 10 саяжай үйі су астында қалды.

Оған қоса Сырым ауданында 5, Теректіде 1 үйден су сорылып алынды.


Облыс бойынша алдын ала көшірілген 265 адамның 26-сы үйлеріне оралды. 33-і эвакуациялық қосынға, 206-сы туысқандарының үйлеріне орналастырылды. 282 бас мал қауіпсіз жерлерге айдалды.

Электр желісіндегі ақаудың салдарынан Сырым ауданы Жамбыл ауылы (48 абонент) жарықсыз қалды.


Өңірде су шайып кеткен жолдарда қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда.

«Апаттық-құтқару жұмыстарына 996 адам, 323 техника жұмылдырылды. Соның ішінде Атырау және Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменттерінің күш-құралдары қауіпті аймақтарға жіберілді», деп хабарлады ведомстводан.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанның Бәйтерек ауданында төтенше жағдай жарияланғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Ақсай қаласында үйлерге су кіріп, 13 адам эвакуацияланды.

Оралда су басу қаупіне байланысты Маштаков ауылынан тұрғындар көшірілді.

БҚО-ның Қаратөбе ауданында төтенше жағдай жарияланды.


Соңғы жаңалықтар