Батыс Қазақстанда 5 жасар бала суға батып кетті

Фото:
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында бес жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 28 шілде күні Бәйтерек ауданы Жайық ауылында «Saya» демалыс базасында болды.

«Сағат 19.30-да бес жасар баланың жоғалып кеткені жөнінде хабар түскен. Іздестіру жұмыстарына жедел құтқару жасағынан 4 адам (1 жүзу құралы) қатысты. Сағат 19.40-та куәгерлер баланың денесін судан шығарып алды. 2017 жылғы ұл бала шомылу үшін жабдықталған жағажайда ата-анасымен, туыстарымен бірге болған. Анықталғанындай, бала үрлемелі шеңбермен жүзіп жүрген. Ата-анасы мен туыстары сол кезде жағадан 50 метр жердегі жазғы кафеде болған. Баланың жоғалғанын көргеннен кейін іздестіре бастаған. Құтқарушылардың бірі баланың мәйітін тапты», - деп хабарлады ведомстводан.

Биыл өңірде 12 адам суға кетсе, соның бесеуі балалар болып отыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда белгісіз жәндік шағып алған 9 жасар баланың жансақтау бөлімінде жатқанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар