Батыс Қазақстанда 5 блокпост орнатылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында бес блокпост орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 7 қаңтар күні облыс коменданты Мақсұтхан Аблазимовтың бұйрығымен осындай шешім қабылданды. БҚО бойынша шекара қызметі департаментімен бірлесе отырып, статистикалық жағынан маңызды бес бағытта бес бағытта блокпостар қойылды. Атап айтқанда, БҚО мен Атырау облысы шекарасында (Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында), БҚО мен Ақтөбе облысы шекарасында (Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылында), Орал қаласында С.Айтқұлов пен Жәңгір хан көшелерінің қиылысында (Атырау облысына шығар жол), Жайық өзенінен өтетін көпірде (Теректі ауданы Подстепный ауылына апаратын бағыт) және Жайық өзенінен өтетін тағы бір көпірде (Меловые горки кенті тұсында) блокпостар жұмыс жасап жатыр. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда түнде мас жүргендер ұсталғанын, Батыс Қазақстанда автокөліктен граната табылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар